07570940-844e-4f77-acae-fb66db9e5c3f

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫ ОЙЫЛ АУДАНЫНДА

Облыстық ақпараттық түсіндіру тобы Ойыл ауданында болып, діни ахуалға талдау жүргізді. Аудан әкімінің орынбасары М.Болатұлының төрағалыүымен аудандық АТТ мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді.
⠀⠀⠀
Дөңгелек үстел барасында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н.Жаншин дін саласындағы 2020 жылға арналған 3 негізі бағыттың орындалуы бойынша әдістемелік көмек көрсетті. АТТ тиімділігін арттыру, аудандағы діни ахуалды жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н.Жаншин Ойыл ауданына іссапар барысында «Ойыл аграрлық колледж» студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
⠀⠀⠀
Жастарға жат ағымнан сақ болу шаралары, олардың жұмыс тактикалары айтылып, дәстүрлі дін және діни ағымдарға түсінік берілді.

Комментарии закрыты.