8a4a8c00-edcf-4b8a-aad3-af7a65bf618c

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫ МӘРТӨК АУДАНЫНДА ⠀⠀⠀

Ақтөбе облысының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы құрамында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н.Жаншин, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының бас маманы А.Давлетқалиев Мәртөк ауданында іссапарда болды.
⠀⠀⠀
Облыстық ақпараттық түсіндіру тобы алдымен аудан әкімінің орынбасары М.Жұмабайұлының қабылдауында болып, өңірдегі діни ахуалды жақсарту бойынша екіжақты пікір алмасты.
⠀⠀⠀
Және 2019 жылғы Мәртөк аудандық ақпараттық түсіндіру тобы жұмысына талдау жасап, 2020 жылғы дін саласындағы 3 негізі бағыт бойынша әдістемелік көмек көрсетіп, нақты тапсырмалар берілді. ⠀

Комментарии закрыты.