ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ТЕОЛОГПЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Н.Такеев Қ.Жұбанов ат. АӨМУ «Экономика және құқық факультетінің» студенттерімен «Жастар және дін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
⠀⠀⠀
Нұрлыбек Панабайұлы дәстүрлі дін және жат ағымдар терминдеріне түсінік беріп, жат ағымдардың жұмыс тактикасын, немен алдайтынын, адамдар олардың құрығына қалай түсетінін жеткізді. ⠀⠀
⠀⠀⠀
Діни мәтіндер, Құран аяттары міндетті түрде тәпсір ғылымы арқылы түсіндірілетіні, ал хадисті толық түсіну үшін шарық ілімі керек екені айтылды. ⠀

Комментарии закрыты.