87395173_2516252452036547_1946410918631964672_n

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ІССАПАРДА

Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы Ә.Тұралиев және облыстың өкіл имамы Т.Оспан елордада жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында елімізге жаңадан тағайындалған бас мүфти- Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесіп, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің құттықтауын жеткізді.
⠀⠀⠀
Өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру бағытында ҚМДБ өкілдігінің жергілікті атқарушы органмен бірлесіп атқаратын жұмыстарының орны ерекше екендігі айтылып, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру мәселесі талқыланды. Екі тарап зайырлы қоғамның діңгегін нығайту жолындағы өзара ықпалдастықты одан әрі арттыру туралы келісімге келді.

Комментарии закрыты.