56a158a6-a7ad-4e86-9c6d-85805976b8e1

ПСИХОЛОГИЯ: «ТҮПСАНАДАҒЫ АТА-АНА АРҚЫЛЫ БЕКІТІЛГЕН ЕРЕЖЕЛЕР»

«Аңсар» орталығы тарапынан әйел жамағаты, қыз-келіншектер үшін апта сайын дәстүрлі түрде @baishevabiblioteka коворкинг орталығында өтетін рухани-танымдық шаралар жалғасуда.
⠀⠀⠀
Сондай шаралардың бірі «Түпсанадағы ата-ана арқылы бекітілген ережелерді анықтау» психологиялық семинар-тренингі. Семинар-тренингті өткізген орталық психологі Эльмира Қайырғалиқызы түпсанада бекітілген кедергілерді анықтау және оларды өзгерту тақырыбында ғылыми негізделген ақпараттар берді.
⠀⠀⠀
Бірнеше тақырып қамтылған, семинар-тренинг қорытындысы: ⠀⠀
Тұлға өзін ересек адам деп қабылдауы;
Дұрыс тәрбие – балаға жағдайды ашық түсіндіру, өзіне таңдау жасауға мүмкіндік беру; ⠀⠀
Мақсат- өткен шақ үшін кінәліні табу емес, сол мәселенің түбін тауып, позитивке ауыстыру.
⠀⠀ ⠀⠀⠀
Қатысушы ханымдар практикалық жұмыс кезінде белсенділік танытып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Комментарии закрыты.