Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Алматы қаласы «Ибраһим» мешітінің бас имамы Серікжан Еншібайұлы Ақтөбе облысының дін істері басқармасының және Ақтөбе облысы бойынша ҚМДБ өкілдігінің шақыртуымен облысымызда 26-29 ақпан аралығында ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізуде.
⠀⠀⠀
Ақпараттық насихат жұмыстары «Нұрдаулет» мешітінде жамағатқа арналған 2 күндік дәріспен басталып, бүгін Хромтау ауданында жалғасын таппақ.