0f19e95e-039c-4dc1-9872-91e464f981a6

АЛҒА АУДАНЫНДА ОРТАЛЫҚ МАМАНДАРЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

Алға ауданы №3 Алға қазақ орта мектебінде «Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығының» шақыртуымен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Н.Разақ, теолог Р.Бисембаева, психолог Э.Қайырғалиқызы семинар-тренинг өткізді.
⠀⠀
Семинар-тренинг мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар мен жоғары сынып жетекшілеріне арналып, «Жасөспірімді жат ағымнан сақтау жолдары» тақырыбында өтті.
⠀⠀⠀
Шара барысында діни сұрақтарға жедел жауап беру мақсатында Дін орталығының «Сенім» телефоны қызметі туралы ақпарат беріліп, жадынамалар таратылды. Семинар қатысушаларына аудан әкімі М.Аққағазовтың атынан дайындалған сертификаттарды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Аппазов табыстады.

Комментарии закрыты.