f3dd630d-9e2d-4fd9-89f8-5cf6a4ca2d25

«АҢСАР АРУЫ-2020» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында алғаш рет 5-наурыз күні облыс көлемінде «АҢСАР АРУЫ – 2020» байқауы өтті.
⠀⠀⠀
Дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптейтін арулар сайысына қала және аудандардан қыз-келіншектер қатысып, дін, дәстүр, шығармашылық ойлау, ісмерлік тұрғысынан өзара бақ сынады. ⠀⠀⠀
⠀⠀
Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
1-кезең. «Сәлем – сөздің анасы». Бұл кезеңде әрбір қатысушы өзін таныстырды. Абай хакімнің 175 жылдығына орай қара сөзді жатқа да оқыды.
2-кезең. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысында арулардың сөз саптауы, білімі сынға түсті.
3-кезең. «Креатив минутында» қыз баласы, әйел адам әркез жоқтан бар жасай алу керек дегеннің дәлелі болды.
4-кезең. «Орамалым – асыл тәжім». Әр сайыскер көпшілікке ең әдемі, ерекше орамал үлгілерін көрсетті.

Комментарии закрыты.