895a51e5-abd3-470f-9745-5c9f464d4606

«КРЕАТИВ МИНУТЫ» ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ ОРАМАЛ ҮЛГІСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Креатив минуты» қыз баласы, әйел адам әркез жоқтан бар жасай алу керек дегеннің дәлелі болды.
⠀⠀⠀
Аруларымызға қайшы-жіп, жеміс-жидектер, қағаз, желім беріліп өз қиялдарынан, аз уақыттың ішінде әдемі, кәдеге жарайтын бұйымдар жасауға тапсырма берілді. ⠀⠀⠀
Арулар өз қолдарынан 3D ашық хаты, шашқа арналған бұйымдар, жеміс-жидектерден әдемі нарезка жасады. ⠀⠀⠀
 «Орамалым – асыл тәжім» сайысында әр қатысушы ең әдемі, ерекше орамал тағу үлгісін көрермендерге көрсетті.
⠀⠀⠀
Аруларымыз өз туындыларын дайындағанша Ботакөз Болатқызы «Ерке қыз» биімен көрермендерді таң-тамаша қылды.

Комментарии закрыты.