b70ec99a-71af-4016-89d3-4f70638fa598

АУДАНДАРДАҒЫ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ МАМАНДАРЫН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен облысқа қарасты 12 аудандағы әйел-қыздар секторының мамандарын оқыту семинары өтті. ⠀
Семинар барысында Ақтөбе облысының дін істері басқармасы басшысының орынбасары С.Мұқанов алғы сөз сөйлеп, “Аңсар” орталығының басшысы Н.Жаншин орталық тарапынан өтіп жатқан әйел жамағатына арналған шараларды аудандарға да енгізуді тапсырды.

Орталық теологтары Р.Бақытқызы, Р.Мералы, психолог маман Э.Қайырғалиқызы жоғарғы дәрежеде өткен дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптейтін “КимешекStyle”, “Аңсар аруы-2020” ауқымды шаралары туралы сөз етті. Апта сайын өтетін “Ислам негіздері” бойынша сабақтар, психологиялық тренингтер, Оқырман ойы, зияткерлік сайыстардың жобалары берілді. Мамандар өз ұсыныстарын білдіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Комментарии закрыты.