2dc6cf06-6dd4-4a76-8a3c-14134f299501

SMM НЕГІЗДЕРІ. АҚПАРАТТЫҚ ФИЛЬТРДІҢ МАҢЫЗЫ

Қазіргі таңда БАҚ, оның ішінде әлеуметтік желілер – ақпарат тарату құралы ғана емес, бұқараға жаппай үгіт-насихат, агитация жүргізудің ең тиімді құралы. ⠀
Аталмыш мәселе, яғни ақпаратты дұрыс қолданудың маңызы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы өткізген аудандардағы медиа мамандарды оқыту-семинарында жан-жақты айтылды.

Оқыту семинарына Ақтөбе облысының дін істері басқармасы басшысының орынбасары С.Мұқанов, «Аңсар» орталығының басшысы Н.Жаншин қатысып, әлеуметтік желінің сақтандыру шараларындағы маңызы, ғаламтор кеңістігінде қарсы насихат жұмыстарына тоқталды.

Семинардың арнайы спикері «Время» республикалық газетінің өңірлік корреспанденты
Майкозова Ақмарал Тілекқызы «Ақпараттың өтімділігі» тақырыбында құнды ақпарат беріп, тәжірибелерімен бөлісті. Өтімді тақырып, оқылатын мәтін жазу, авторлық құқық, көп алдында сөйлеудегі дауыс екпіні, арнайы жаттығулар, т.б. өзекті тақырыптар көтерілді.

Орталық маманы Г.Қанатова ақпарат тарату осы кезге дейін үлкен 3 кезеңнен өткенін жеткізді.⠀
1.Сөз арқылы адам психологиясына, әрекетіне әсер ету, үстемдігін жүргізу (Грециядағы ораторлар, шешендік өнер).⠀
2. Жазудың пайда болуы. Ең танымал «қару» – листовка.⠀
3. Ақпаратты таратудың жаңа әдістері.
Радио –> Интернет. ⠀

Түйін: білім саласын, ұстазды, қатар білім алатын жолдосты таңдауды асқан ыждаһаттылық танытып, жұмсақ мінезді, сабыр мен көркемдікке үндейтін, сенімділік, білім, тәжірибеге басымдық беретін тәрізді, ақпаратты оқуда да СЕНІМДІ дереккөз, ЖАҚСЫЛЫҚҚА үндейтін мәліметтерге басымдық беріңіз.

Комментарии закрыты.