f28d5ddb-9476-46eb-b022-a89ec4958afb

«АҢСАР» ОРТАЛЫҒЫ ONLINE РЕЖИМГЕ АУЫСТЫ

Әлемдегі және еліміздегі орын алған жағдайларды ескере отырып «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы ONLINE режимге көшті. ⠀
Алғашқы тікелей эфирде орталық басшысы Нұрсұлтан Берікұлы «Ақпараттық түсіндіру жұмыстары online форматта» тақырыбында оқырмандармен сұхбат құрды.

Online форматқа көшу коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін жеке үй-жайларында оқшауланып отырған азаматтарымыздың уақытын пайдалы өткізуді, орталық жұмысын қашықтан жалғастыруды көздейді.

Тікелей эфирде сенімді діни ақпарат көздері, сайт, әлеуметтік желілер айтылып, «Аңсар» орталығының тікелей эфир тізімі, өткізілмекші online байқаулар туралы ақпарат берілді. Әлеуметтік желілердегі діни ақпаратты қатаң сүзгіден өткізіп барып қолдану қажеттігі ескертілді.

Тікелей эфир күн сайын @ansar_aqparat парақшасында сағат 11: 00-де өткізіледі. #Online_ATT

Комментарии закрыты.