064c49d9-3b25-49d2-adc1-afbda050bd83

«АҢСАР» ВОЛОНТЕРЛАРЫ КАРАНТИН КЕЗІНДЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

«Аңсар» орталығына карантин жариялануына байланысты ауылдарына жете алмай 4 немересімен қалада қалған Кеңқияқ тұрғыны хабарласқан еді. Үй-жайынан шыға алмай қалған қарияға @ansar_volunteer тобы көмек қолын созды. Апамыздың өтініші бойынша жайнамаз және тасбих алынып, кішкене бүлдіршіндерге тәтті-дәмді апарып берілді.

Қиын-қыстау кезеңде ұйымшылдық танытып, өзгенің мұқтаждығына бей-жай қарамаған жаны жомарт жандарға алғыс айтамыз.

Комментарии закрыты.