91822391_2551169978544794_6006350315635343360_n

«АҢСАР» ВОЛОНТЕРЛАРЫ КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ КӨМЕГІН ЖАЛҒАСТЫРУДА

«Аңсар» орталығының жанынан ашылған @ansar_volunteer тобы және орталық мамандары карантин кезінде мұқтаж отбасыларға көмегін жалғастыруда. Бүгін, 3-сәуір күні 5 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Жақсылыққа атсалысып жатқан әр жанға алғыс айтамыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Қиын-қыстау кезеңде арнайы уақыт бөліп, ерікті түрде көрсетіп жатқан еңбектеріңіз және көмектеріңізге ризамыз. Сауаптан болғай! #bizbirgemiz

Комментарии закрыты.