92602959_2555909648070827_9218585467602075648_o

КӘСІБИ ТЕОЛОГТАРҒА СҰРАҒЫҢЫЗ БАР МА? ⠀

Облыстық дін істері басқармасына қарасты «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы да жұмысын онлайн форматта жалғастырып жатыр деп хабарлайды @aktobegazeti. Айталық, мұндағы кәсіби теолог пен психологтер 30 наурыздан бастап арнаулы жүйеге көшкен. Жоғарыда аталған орталықтың басшысы Нұрсұлтан Жаншиннің сөзіне қарағанда, ресми @ansar_aqparat инстаграм парақшасында бүгінге дейін 8 рет тікелей эфир ұйымдастырылып, оған 1400-ге жуық адам қамтылған. Әртүрлі жастағы азаматтарға онлайн-дәрістерді өткізу де қолға алыныпты. — Әр эфирді орташа есеппен 180 адам көреді. Сабақтар бір-біріне ұқсамайды. Бұны қысқа мерзімді онлайн-курс деуге болады. Мысалы, орталықтың бөлім басшысы Эльмира Әділханова қыз-келіншектерге арналған «Адамның 3 күйі: құрбан, құтқарушы және қуалаушы» деген тақырыптағы дәрісін өткізсе, теолог маманымыз Нұрбол Панаевтың сабағы «Амалдан ниет артығырақ» деп аталды. Ал «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы діни экстремизмге қарсы орталықтың директоры Асқар Сабдин діни мәтіндерді түсіну жолдары бойынша көрген-білгенімен бөлісті. Сол сияқты «Бауырмалдық — басты байлық», «Ислам әдептері», «Отбасы институтының өлшемдері», басқа да тақырыптарды қамтыған онлайн-дәрістер өтті. Аудандардағы әріптестеріміз де осылай тікелей эфирге шығып жатыр.

Ютуб сайтында өз арнамыз бар. Ол жерге ақтөбелік жамағатқа сенімді діни ақпараттар, теологтар Төлеген Өмірзақұлы, Азамат Миржанұлының арабшадан аударма жасау арқылы ақида, фиқһ мәселелерін түсіндіретін дәрістері жүктелді, — дейді орталық басшысы.

Нұрсұлтан Жаншин өз сөзінде әлеуметтік желілердегі парақшаларда «Жанұя шаттығы» онлайн-байқауының ұйымдастырылып жатқанын, әр апта сайын жеңімпаздар анықталатынын қосты. Бұның бәрі карантин кезінде тұрғындардың дұрыс діни білім алуына, олардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін жасалып отыр.

Комментарии закрыты.