93255844_2557111311283994_7602277845485748224_o(1)

«МАЗҺАБ ТУРАЛЫ ДҰРЫС ТҮСІНІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТТІ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының @ansar_aqparat инстаграм парақшасында ҚМДБ «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі, білікті теолог Алшынбаев Қанат Мұқанғалиұлы @kanty1978 «Мазһаб туралы дұрыс түсінік» тақырыбында тікелей эфир өткізді.

Тікелей эфир барысында Мазһаб дегеніміз- Құран мен сүннетке негізделген қағидалар жиынтығы екендігі түсіндірілді. Және Құран мен сүннетке негізделген, уақыт пен кеңістік шеңберінің тексерісінен өткен мазһабты ұстану сүннетке сай екендігі айтылды.

Тікелей эфир толықтай @ansar_aqparat инстаграм парақшасында сақтаулы, 24 сағат ішінде қарай аласыздар.

#Online_ATT жұмысы әрі қарай жалғасады. Республикаға белгілі және жергілікті дін мамандары online дәріс жүргізетін болады. @ansar_aqparat парақшасына жазылыңыздар.

Комментарии закрыты.