92681644_2555974184731040_7324472162415280128_o

ONLINE ДӘРІС: «ИСЛАМДАҒЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»

 «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының @ansar_aqparat инстаграм парақшасында #Online_ATT жұмысы жалғасуда.

Тікелей эфир барысында «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығының теолог маманы Амангельдиев Азамат «Исламдағы білім алудың маңыздылығы» тақырыбы бойынша дәріс өткізді. Дәріс барысында дін жолындағы өзге амалдарға қарағанда ілім үйрену әлдеқайда үстем екендігі, ал ғалым адамдар түндегі жарық айға теңелсе, қатардағы адамдар айналасындағы жұлдыздарға теңелетіні жеткізілді.

Тікелей эфир @ansar_aqparat парақшасында 24 сағат сақтаулы болатынын естеріңізге саламыз. «Аңсар» орталығы өткізіп жатқан #Online_ATT дәрістері арқылы діни біліміңізді арттырыңыз, #Аңсар_жанұя_шаттығы online байқауына қатысыңыз!

Комментарии закрыты.