93480948_2560769300918195_3146459720693317632_n

«ЖАНҰЯ ШАТТЫҒЫ» ONLINE БАЙҚАУЫНЫҢ КЕЛЕСІ ЖЕҢІМПАЗЫ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ресми @ansar_aqparat инстаграм парақшасында «Жанұя шаттығы» online байқауының 2-тапсырмасы «Қазыналы қарттарым» тапсырмасы бойынша жеңімпаз, Шалқар ауданының тұрғыны Қуаныш Жарылғасынов @kuanyshzharylgasynov жүлдесін інісіне сыйға тартты.

Елімізде орын алған жағдайға байланысты уәде етілген сыйлықтар жеңімпаздың сұрауы бойынша інісіне жеткізілді. Қатысушылар арасынан үздік шыққан оқырманымызды құттықтаймыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шығармашылық табыс тілейміз.

Құрметті оқырман, «Жанұя шаттығы» байқауы әлі де жалғасады. Әр апта сайын үздіктерді іріктеп, байқау соңында белсенді қатысушыларды марапаттайтын боламыз. Байқауға Ақтөбе қаласы және аудандарынан қатыса аласыздар.
#Аңсар_жанұя_шаттығы

Комментарии закрыты.