93602849_2559570557704736_5114987607775772672_o

ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ «ДІНДЕ ШЕКТЕН ШЫҒУШЫЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫ ҚОЗҒАЛДЫ

Әлемдегі және еліміздегі орын алған жағдайларды ескере отырып «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы #Online_ATT режимінде жұмыс жасауда.
⠀ ⠀
Орталық басшысы Нұрсұлтан Берікұлы «Діндегі шектен шығушылықтың қауіптілігі» тақырыбында тікелей эфир өткізді.

Тікелей эфир барысында дінде шектен шығушылар исламофобияны өршітіп, өзге адамдарды діннен алыстататыны айтылды. Мысалы, бұрынғы кездері ата-ана баласы дін жолына келсе, нашар әдеттерден тыйылады деп қуанатын. Қазіргі таңда көпшілік ата-ана «баламыз жат ағымға түсіп кетпей ме екен?! » деп қорқатынын жеткізді. Ал бұндай қорқыныштың тууына бірден-бір себепшілер- тек өздерін тура жолдамыз деп дінде шектен шығатындар. ⠀

Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Қорқытпаңдар, сүйіншілеңдер, ауырлатпаңдар, жеңілдетіңдер» деп бұйырғанын, Ислам мейірім діні екенін естен шығармағанымыз абзал.

Комментарии закрыты.