926a9282-9282-4e34-bcc0-6d1d2bb27cd9

Қ.ЖҰБАНОВ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН ONLINE КЕЗДЕСУ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы #Online_ATT режимінде Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Жоғары колледжінің студенттерімен ZOOM платформасы арқылы «Интернет кеңістікте діни экстремистік идеологиядан сақтану жолдары» тақырыбында online кездесу өтті.

Кездесуді «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы жүргізіп, студенттерге жат діни ағымдардың интернет арқылы арандату тәсілдерін, олардан сақтану жолдарын айтты. Діни мәліметтерді ҚР аумағында діни ақпарат тарату құқығы бар ресми сайттардан алу қажеттілігі баса айтылды. Студенттер сұрақтарына толыққанды жауап алып, өз алғыстарын білдірді!

Комментарии закрыты.