93383278_2559693171025808_8282378546643468288_o

ONLINE ОҚЫРМАН ОЙЫ АЙДАРЫНДА «ҰЛПАН» РОМАНЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының @ansar_aqparat инстаграм парақшасында Online «Оқырман ойы» айдары өтті.

Тікелей эфир барысында «Аңсар» орталығының бөлім басшысы Балзира Қуанышбайқызы Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романын оқырманмен бірге талқылады. Ел билеу ісіне араласып, халық ықыласына бөленген, жолдасы Есеней «Ендігі Есенейлерің-Ұлпан» деп ел басқару ісін аманаттаған, көшпенді тірлікпен қатар елді отырықшылыққа баулып, жаңашылдық әкелген қазақ әйелінің ғұмыры баяндалған тарихи роман әр қазақ әйелі, әр қазақ қызы оқуы тиіс шоқтығы биік туынды екендігі айтылды. ⠀

Комментарии закрыты.