«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының #Online_ATT тікелей эфирінде дәрістер жалғасуда.
⠀
Тікелей эфирде Нұр-Сұлтан қаласының Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары Сүлейменов Жандәулет Отарбайұлы «Діндегі негізделген экстремизмнің факторлары және қауіпті қатерлері» тақырыбында online ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.
⠀ ⠀
Дәріс барысында экстремизм терминіне түсінік беріліп, оның саяси, ұлттық, этникалық, әскери, діни экстремизм деп бірнеше түрге бөлінетіні айтылды. Ал діни экстремизм дегеніміз-діннің атын жамылған, қоғамның бөлуіне сеп болатын экстремисттік топ.