93793708_2566788536982938_1001450682525417472_o

ONLINE ДӘРІС «ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ ӘДЕБІ»

 «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының @ansar_aqparat инстаграм парақшасында #Online_ATT жұмысы жалғасуда.

Тікелей эфир барысында «Аңсар» орталығының теолог маманы Такеев Нұрлыбек Панабайұлы «Үлкенге құрмет көрсету әдебі» бойынша дәріс өткізді. Дәріс барысында Ислам дінінде жасы үлкен адамды сыйлауға ерекше мән берілетіні жөнінде айтылып, сахих хадистерден келтірілді.

Тікелей эфир толықтай @ansar_aqparat инстаграм парақшасында сақтаулы, 24 сағат ішінде қарай аласыздар.

#Online_ATT жұмысы әрі қарай жалғасады. Республикаға белгілі және жергілікті дін мамандары online дәріс жүргізетін болады. @ansar_aqparat парақшасына жазылыңыздар.

Комментарии закрыты.