94232869_2567734093555049_8662849379905830912_n

ИГІ ІСТЕР АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ТАРАПЫНАН ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы облыс әкімі О.Оразалиннің үндеуіне сәйкес, «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында екі жалғыз басты кейуанаға азық-түлікпен жәрдемдесіп, Рамазан айымен құттықтады.

Аталмыш игі іс туралы басқарма басшысы @turalievalimbek өз инстаграм парақшасында: «Бұл айдағы игі істер мұқтаж және науқастарға көрсетілген жомарттылық үшін Алла Тағаланың сыйы еселеніп, адамды Өзіне жақындатады. Осындай шаралар Рамазан айы бойы болатынына кеміл сенемін»,-деп жазып, әлеуметті игі істерден қапы қалмауға шақырады.

Комментарии закрыты.