5b3f559a-2fd0-4286-bc28-4e13948e2a1a

ДІН ЖАСТАРДЫҢ ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМІН АРТТЫРАДЫ

Әлеуметтік жауапкершіліктерді жастардың бойында қалыптастыруға діннің де өлшеусіз үлес қосатыны ақиқат. Сондықтан Құран мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистеріндегі жастардың руханиятын қалыптастыруға қатысты кейбір мәселелерге тоқталып өтейік.

Алла елшісі (с.ғ.с.) жастарға сенім артып, оларға маңызды тапсырмалар берген. Сол арқылы жас жеткіншектер өздерін дамытып, қоғамға қызмет ету мүмкіндіктеріне ие болды. Жастарға тапсырма бергенде тәжірибелері жоқтығынан туындаған қорқыныштарын сейілту үшін оларға білім беріп, жүректеріне сенім ұялатқан. Мысалы, Йеменге қазы етіп жіберген өзі жас, тәжірибем жоқ деп ойлаған хазрет Әлиді батылдандырып пайғамбарымыз(с.ғ.с.): «Алла Тағалам: Оның жүрегіне туралық бер және тілін тұрақты қыл», — деп дұға еткен. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) дұғасы мен теңдессіз қолдауының арқасында хазрет Әли: «Бұдан кейін екі кісі арасында үкім беру мәселесінде ешқашан іркілмедім», — деп айтқан екен (Ибн Мәжа, Аһкам,1). Бұл қолдау бір жас жеткіншекте пайда болатын өзіне деген сенім тұрақтануының ең тамаша үлгісі.

Дереккөз: kazislam.kz

Комментарии закрыты.