94968246_2571353169859808_5301966423436820480_o

НЕГЕ ХАНАФИ МӘЗҺАБЫНДА КЕЙ ЖАҒДАЙДА САХИХ ХАДИСТЕРМЕН АМАЛ ЕТІЛМЕЙДІ?

 Имам Мүхаммед Зәһид әл-Кәусаридің ахад хабарлардың қабылданып-қабылданбауына қатысты атаған шарттары: ⠀
Имам Зәһид әл-Кәусәри Хатиб әл-Бағдадиге қарсы жауап ретінде жазған «Тәнибу әл-Хатиб» атты еңбегінде ханафилердегі ахад хабардың қабылданып-қабылданбауына қатысты мынадай 14 шартты атайды:

1. Егер ахад хабар шариғат қайнар көздерінен алынған негіздерге қайшы келсе, одан да күштірек басқа дәлел таңдалады; ⠀
2. Егер ахад хабар Құранның негізгі ұстанымдары мен тура мағынасына қайшы келсе, Құранға сай хабарлар негізге алынып, оған қарама-қайшы келгендер тәрк етіледі; ⠀
3. Ахад хабар Пайғамбарымыздың айтқан басқа хадистері мен іс-әрекеттеріне анық қайшы келсе, негізге алынбайды; ⠀
4. Ахад хабар өз деңгейіндегі басқа бір хадиске қайшы келген жағдайда хадисті жеткізушінің қайсысы фиқһ ілімінде тереңірек болса, соның хабары таңдалады; ⠀
5. Хадисті жеткізуші өзі жеткізген хабарға қайшы әрекет етсе, ол риуаят негізге алынбайды; ⠀
6. Хадистің мәтіні немесе тізбегінде бір-екі сөзі артық келген хадис емес, ықтияттық тұрғысынан қысқа, ықшамды келген хадис таңдалады; ⠀
7. Өмірде жиі кездесетін, үкімін жалпы жамағат білуге тиіс мәселелерге қатысты хадис ахад жолмен жетсе, ондай хадис негізге алынбайды. Себебі мұдай мәселелерге қатысты хадис мұтауатир немесе мәшһүр жолмен жетуге тиіс еді; ⠀
8. Сахабалар арасында бір мәселеге қытысты түрлі пікірлер орын алған жағдайда, сахабалардың ешқайсысы дәлел ретінде қолданбаған ахад хадис негізге алынбайды; ⠀
9. Өзінен бұрынғы ғалымдардың кейбірі қабылдамаған ахад хадистер алынбайды; ⠀
10. Жазалауға (хадд) қатысты үкімді қамтитын хадистердің арасындағы ең жеңілі таңдалады; ⠀
11. (Әбу Ханифа) Хадисті естіген кезден бастап риуаят еткенге дейін ешқандай сөзін өзгертпей есінде сақтау шартын қоятын; ⠀
12. Хадисті риуаят еткен кісі өзі риуат еткен хадисін ұмытып қалған жағдайда, жазылып алынған хадистерге сенім артуы жеткілікті саналмайды;
13. Түрлі пікір айтылған мәселеге қатысты қай тарапта дәлел көбірек келсе, сол таңдалады;
14. Хадис қай аймақта болса да сахаба және табиғиндер арасында үздіксіз орындалып келе жатқан істерге қайшы келмеуіне мән беріледі. ⠀
Дереккөз: «Ханафи хадис әдіснамасы», 148-150 б. «Исламтану зерттеулер сериясы – 4», Алматы-2020. Қайрат Жолдыбайұлы

Комментарии закрыты.