94101999_2571906066471185_3539534071061282816_o

РАМАЗАН АЙЫ-ҚҰРАН АЙЫ

«Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және ақ пен қараны ажырататын дәлел түрінде Құран түсірілді» (Бақара 185).
⠀ ⠀
Көптеген ғалымдардың пікірлері бойынша, Алла Тағала Құранды әуелі «Ләухул Махфузда» бекітті. «Әрине ол – ұлы бір Құран, Ләухул Махфузда сақтаулы» (Буруж 21-22 аят).
⠀ ⠀
Кейін Рамазан айының Қадыр түнінде, дүние аспанындағы «Бәйту әл-Иззаға» түгелдей түсірді.  Ибн Аббас (р.а): «… Құран аспан дүниесіндегі Бәйту әл-Иззада болды, сосын Жәбрейіл періште оны пайғамбарға алып түсті» (Бәйһақи, Сунән 2/310).
⠀ ⠀
Осы жерден  Рамазан айының Қадыр түнінде Жәбрейіл (а.с) періште арқылы Мұхаммед пайғамбарымызға (с.а.у) алғашқы аяттар түсе бастады. «Расында, Біз Құранды Қадір түнінде түсірдік» (Қадір сүресі -1). ⠀ ⠀ ⠀
Осылайша Құран бөлек-бөлек аяттар, кейде толық сүре түрінде адамзатқа тура жолды көрсету үшін 23 жыл бойы түсті. «Біз Құранды адамдардың санасы мен жүрегіне сіңіріп, байыппен оқуың үшін бөлімдерге бөліп, аз-аздап түсірдік» (Исра 106).

Комментарии закрыты.