94488507_2572007336461058_6376630561598865408_o

ҚҰРАН – УАХИ ЖОЛЫМЕН ЖЕТКЕН КІТАП

«Уахи» – араб тілінде «сыбырлау», «жасырын белгі», «құпия жылдам хабар жеткізу» мағыналарын береді. Шариғи терминде Жаратушының адамзатқа тура жол көрсету үшін пайғамбарларына берген нұсқаулығы.

Құран Кәрім Пайғамбарымызға (с.а.у) осы уахи жолымен жетті. «Осылайша умму әл-қураны (Мекке халқы) әрі маңындағыларды ескертуің және де күмәнсіз орындалатын күнде жиналуды ескертуің үшін саған (Мұхаммедке (с.а.у) Құран уахи еттік. Ол күні бір топ жаннатта, бір топ тозақта…» (Шура сүресі 7).

Уахи түрлі жолдармен орындалатын болған. «Адам баласымен тек аян беру арқылы немесе перде сыртынан оған тіл қату арқылы, я болмаса оған Өзінің қалауын уахи ететін елші (періште) жіберіп, Өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді…» (Шура 51).

Құран және Сүннет бойынша Пайғамбарымызға (с.а.у) келген уахидің сипаттары төмендегідей:
Тікелей Алладан келген уахи;⠀
• Шынайы түс;⠀
• Пайғамбардың ояу кезінде, перде арқылы Алла Тағаламен тілдесуі.⠀ ⠀
• Періште арқылы келген уахи;⠀
• Жәбірейілдің ер адам кейіпінде келуі;⠀
• Жәбірейілдің көрінбестен, ызыңдаған немесе сыңғырлаған қоңырау секілді дауыспен келуі;⠀
• Пайғамбардың ояу кезінде, періштенің көрінбей уахиді білдіруі;⠀
• Жәбірейілдің өзінің негізгі кейпінде көрінуі.
⠀ ⠀
«Құран ілімдеріне кіріспе» (Қ.Құрманбаев) кітабы негізге алынды.

Комментарии закрыты.