IMG-20200429-WA0008

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с.) СҮННЕТТЕРІ

Алла Елшісі (с.ғ.с.) бала өмірге келмей жатып-ақ оған қамкөңілділік танытатын. Алла Елшісі (с.ғ.с.) сәби туылғанда сүйінші бергенді ұнататын. Жаңа туған сәбиді құшағына алып тұрып, игі дұға тілейтін, сосын құрманың сөлін таңдайына жағып, алғашқы дәм таттыратын болған[3]. Айша анамыз (р.а.) бұл жайды: «Пайғамбарымыз өзіне әкелінген нәрестелердің әрбіріне береке тілеп, дұға оқитын», – деп еске алған[4].

Нәрестелерге туыла салысымен ат қойған кездері болған. Бірақ, көбіне бұған нәресте туылғаннан кейінгі жетінші күнді дұрыс көрген. Сәбиге азан шақырып, ат қоюды ата-ананың балаға деген алғашқы міндетінің біріне жатқызған. Сондай-ақ, әрдайым балаға мағыналы, жақсы ат қоюға шақырған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жылаған баланы жұбатуға да ерекше көңіл бөлетін. «Кімде-кім жылаған баласын жұбатуға тырысса, Алла Тағала жәннатта оған риза болғанға дейін нығметтерін үйіп-төгеді»[11] ⠀
Өз өмірінде Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) балаларға қатты көңіл бөліп, тәрбиеге үлкен жауапкершілікпен қараған. Баланы тәрбиелеу үшін мейірімділік танытуға, жақсы көруге, ақылмен еркелетуге, көңіл бөліп ойнатуға, адал несібемен бағып-қағуға, ұл-қыз деп алаламауға, ешқашан алдамауға, берген уәдені орындауға шақырған. Әр қылығына түсіністікпен қарап, жынысына сай тәрбие беруге көңіл аудартқан. Денесін шымырлыққа шынықтырумен қатар жастайынан иман негіздерін сіңіруге назар аудартқан. Ата-ана ретінде отбасында жақсы өнеге көрсетіп, баланы жастайынан тазалыққа, адамгершілікке, мұсылмандық әдептілікке баулуды үлгі еткен.

Дереккөз: muslim.kz [3] Муслим, Таһарәт, 101. [4] Әбу Дәууд, Әдеп, 108 [11] Дәйләми, Муснәдул-Фирдәус, II, 147-б.

Комментарии закрыты.