IMG-20200428-WA0098(1)

ОЙ АДАМЫ

Ой адамы – ойлау және сөз. Олардың сөздік қоры бай және ойын жақсы жеткізумен ерекшеленеді. Сөзді терең талдай отырып, кез келген мәселенің түпкі мәнін сөз, ой арқылы ақиқатын, мәселенің пайда болу себебін анықтай алады.

Соның нәтижесінде жақсы ЗЕРТТЕУШІ бола алады. Олар үнемі «Неге?» деген сұраққа жауап іздейді және «Жауабын күтемін» деген сөздерді жиі қолданады. Сезім мен эмоциямен берілген жауапты қабылдамайды. Себебі сезім алдамшы деп есептейді.

Ой адамы тез әрекет ете қоймайды. Себебі олар мәселені алдымен ойша талдап, жан жақты өлшеп, жоспар құрғаннан кейін әрекетке көшеді. Олар әрекет еткеннен гөрі ойлау, сөйлеуді ұнатады. Сондықтан олардан жақсы ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ, БАСШЫЛАР шығады. Сезімдері мен эмоциялары да болады, бірақ олар өздерінің белгілі бір ойларына байланысты туындайды. ⠀

Ой адамымен қарым-қатынасқа түскенде мына мәселелер есте болу керек: ⠀
⠀1. Ол адамға бірінші болып сөз беріп, ойларын тыңдап алу керек, сонда ол өзін жақсы сезінеді.⠀
⠀ 2. Ұзақ сөйлеп кетпеуін қадағалаңыз, белгілі бір кезге келгенде тұжырым жасап отырыңыз.⠀
⠀ 3. Таза теориядан нақты тәжірибеге ауысуына итермелеңіз.⠀
⠀ 4. Сабыр сақтаңыз, жылдам әрекетке итермелемеңіз.⠀
⠀ 5. Ой адамы өзінің терең ойлары мен идеяларына, талдауларына қуанады, оған мақтау, қолдау көрсетеңіз.⠀
⠀ 6. Ол көргенін есте жақсы сақтайды және оның мәнін ұмытқысы келмейді.⠀
⠀ 7. Кітап оқу – оның сүйікті ісі, егер жазуға, кітап оқуға, рухани әңгімелесуге мүмкіндік болмаса, ол өзін бақытсыз сезінеді. ⠀
⠀8. Ой адамына дене жаттығуларын жасау, табиғатта серуендеу маңызды, себебі басқа энергетикалық орталықтарының қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ⠀

Комментарии закрыты.