IMG-20200429-WA0036

Сезім адамы

Сезім адамы эмоция, сезім, шабыт арқылы ерекшеленеді. Олар туындаған мәселеге сезімтал келеді, оны асығыс бағалайды.

Сөз арқылы емес, тікелей қабылдау арқылы жүзеге асырады. Мысалы, олар бөлмеге кіріп келген кезде бірден адамның көңіл күйін, бөлмедегі ретсіздікті те аңғарып қояды. Бірақ ол сезімдерін білдірмейді.

Олардың танымдық дүниесі кең, бірақ ой адамындай терең бойламайды. Болған жағдайды терең талдап жатпай-ақ сезімі бойынша бағалай салады.

Сезім адамымен қарым-қатынасқа түскен кезде мына мәселелерді ескерген жөн:

1. мәні жоқ екенін білсеңіз де, оған өз сезімдерін айтуға мүмкіндік беріңіз;
2. сұрақ қою арқылы объективтілікке, іске қатысты мәселеге алып келіңіз;
3. жоспар немесе нұсқау бойынша жасауды мәжбүрлемеңіз, ондай міндетті ол орындай алмауы мүмкін немесе қарсы пікір білдіруі де ғажап емес. Сондықтан қағазға жұмыстың басты бағыттарын жазуды сұраңыз.
4. сезім адамы көбіне өлең, жыр, өнерге жақын болады. Қарым-қатынаста сөзді емес, образды пайдаланған дұрыс. Себебі олар түске, өлшемге, формаға аса мән береді.
5. олар сезімтал және өздерінің қиындықтарымен басқаларды қажытып жіберуі мүмкін. Қарама-қайшылық та өсу үшін берілген сынақ екенін түсіндіру керек.
6. болған оқиғаны сезімсіз нақты айтуын сұраңыз;
7. сезім адамдарына дене жаттығуларымен айналысу, кітап оқу, математика, логикамен айналысу, оймен байланысты істер жасау керек.

Комментарии закрыты.