Құрметті оқырмандар, @ansar_aqparat ресми инстаграм парақшасында «Жанұя шаттығы» online байқауы жалғасады.
5-ТАПСЫРМА: «ҚЫЗ ӨССЕ-ЕЛДІҢ КӨРКІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС.
⠀
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУДЫҢ ШАРТТАРЫ:
⠀
1. @ansar_aqparat және @ansar_volunteer инстаграм парақшаларына жазылу;
2. Өз қалауыңызға қарай «Қыз өссе-елдің көркі» тақырыбында #Аңсар_жанұя_шаттығы хэштегімен фото/видео +пост жазасыз. Тапсырма суретін скриндеп алуға не тақырыпқа сай басқа сурет, видео салуға болады, мәтін міндетті түрде болуы тиіс. Жұмысыңызды өз инстаграм парақшаңызға саласыз, @ansar_aqparat инстаграм парақшасын белгілейсіз;
3. Парақшаңыз ашық болуы тиіс;
4. Байқауға тек Ақтөбе өңірі, Ақтөбе облысының тұрғындары қатыса алады;
5. Жас шектеуі бар. Байқауға 16 жастан бастап қатыса алады.
⠀
Жеңімпаз «Балам жақсы болсын десеңіз» кітабын және суға арналған фильтр иеленеді.
⠀
ТІЛДІК ТҰРҒЫДАН САУАТТЫ, КӨРКЕМ ЖАЗЫЛЫП, САПАЛЫ ЖАСАЛҒАН, ДІН, ДӘСТҮР, ТАРИХ САБАҚТАСТЫРЫЛҒАН, ӨМІРЛІК ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН, ШЫНАЙЫ, ӨНЕГЕЛІ, ҒИБРАТ АЛАРЛЫҚ, ОҚЫРМАННЫҢ КӨҢІЛЕН ШЫҒЫП, КӨП ЛАЙК, ПІКІР ЖИНАҒАН ҮЗДІК ЖҰМЫС ЖЕҢІМПАЗ АТАНАДЫ.
⠀
Қатысушылар жұмыстары @ansar_aqparat парақшасына жарияланып отырады. Осы парақшада жазбаңыз ең көп лайк, пікір жинаса +1 дауыс беріледі. Қалған 5 дауыс тәуелсіз қазылар алқасының шешіміне байланысты. Жазбаның @ansar_aqparat парақшасына жариялануы міндетті шарт болып табылмайды. Жазбаңыз тек өз парақшаңызда қалсын десеңіз, дайректке ескертіп жіберіңіз. Қалған жағдайда жазбаңыздың ресми парақшаға шығуына автоматты түрде рұқсат берген болып есептеледі.
⠀
МАТЕРИАЛДАРДЫ БАСҚА ЖЕРДЕН КӨШІРІП САЛУҒА БОЛМАЙДЫ! БАРЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ.
⠀
УАҚЫТЫ: 4-мамыр, сағат 12.00-ге дейін қабылданады.