IMG-20200429-WA0034

Әрекет адамы

Әрекет адамы қозғалысқа, іс-әрекетке, өнімділікке негізделген. Олардың ойлары, эмоциялары, идеялары әрекетке байланысты қалыптасады. Дене жаттығуларын, спортты, табиғат аясындағы белсенді демалыстарды қалайды.

Олар бір жерде ұзақ отыра алмайды. Үнемі қозғалыста болады, бір жерге барып келмесе, көңілдері көншімейді. Тіпті эмоцияның өзі оны әрекетке итермелейді. Олар ой мен сезімді тоқтатқан кезде робот секілді қауіпті болуы мүмкін.

Әрекет адамымен қарым-қатынасқа түскен кезде мынаны ескеру қажет:

1. әрекет адамы әрекетті жақсы көретіндіктен, оған жүретін, баратын, яғни үнемі қозғалыс талап ететін тапсырма беру қажет;

2. оған белгілі бір нәрсені үйрету үшін оны қозғалыспен байланыстыру қажет;

3. әрекет адамы өзінің қозғалыстары мен әсерін есінде жақсы сақтайды, сондықтан бір жерден немесе саяхаттан келгенде алдымен өзінің іс-әрекеттерін айтады, оларға сол әрекеттердің мәнін айтуды ұсыну керек;

4. әрекет адамы жағдайды көп ойланбай-ақ кірісіп кетуі мүмкін. Бұл оның өкінуіне де себеп болады. Сондықтан әрекетті жасамай тұрып оны жан-жақты ойлауға, нәтижесін алдын ала болжауға үйрету керек;

5. әрекет адамына қошемет жасағыңыз келсе, оның жасаған іс-әрекетіне байланысты жағымды, мақтау сөздер айтыңыз, сонда ол өзін бақытты сезінеді.

Қорыта айтсақ, адамдардың бойында бұл типтер аралас та келуі мүмкін. Бірақ негізгі типі басым болып тұрады. ОЙ, СЕЗІМ, ӘРЕКЕТ өзара үйлесімді болған кезде адам рухани дами алады. Сондықтан әр адам өз табиғатының тепе-теңдігін қалыптастыруы тиіс.

Комментарии закрыты.