IMG-20200502-WA0001

НЕГЕ ХАНАФИЛАР НАМАЗДА РУКУҒКЕ БАРҒАНДА ЖӘНЕ ТҰРҒАНДА ҚОЛДАРЫН КӨТЕРМЕЙДІ?

«Әбу Ханифа мен Әл-Әузағи Мекке қаласында Дарул-хаййатинде кездесті.
Әл-Әузағи Әбу Ханифаға: «Сендер рукуғке бара жатқанда және одан қайтқанда қолдарыңды неліктен көтермейсіндер?»,-деді.

Әбу Ханифа:
– Себебі, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) намаз бастарда және рукуғке бара жатқанда әрі одан қайтқанда қолын көтергендігіне байланысты хадис сахих емес, – деп жауап берді.

Әл-Әузағи:
– Қалайша? Маған ЗүҺри Сәлімнен, ал Сәлім әкесінен (Абдуллаь ибн Омардан), ал әкесі: «Пайғамбарымыздың намазға бастарда және рукуғке бара жатқанда әрі одан қайтқанда қолын көтергендігін риуаят етті», деді.

Әбу Ханифа:
– Ал бізге Хаммад Ибраьимнен, ал ол Алқама және әл-Әсуадтан, ал олар Ибн Мәсғудтан: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) намаз бастағанда ғана қолын көтергендігін және бұл ісін намазда екінші рет қайталамайтындығын» риуаят етті, – деді.

Әл-Әузағи:
– Мен саған Сәлімнен және оның әкесінен (Абдулла ибн Омардан) хадис риуаят етіп отырмын. Ал сен болсаң Хаммад Ибраһимнен риуаят етті дейсің, – дейді.

Әбу Ханифа:
– Хаммад фиқһта Зүһриден де терең, Ал Ибраһим ән-Нәхағи, Сәлімнен де білгір, Алқамә да Абдулла ибн Омардан кем емес. Абдулла ибн Омардың сахабалық артықшылығы бар болса, әл-Әсуадтың да көптеген артықшылықтары бар. Ал Ибн Мәсғудтқа аты аталғандардың ешқайсысы жете алмайды, – деп жауап берді.

Бұл оқиғадан байқағанымыздай, ханафи мәзһабында бір мәселеге байланысты хадистер арасында қайшылық туындаған жағдайда, қай хадистің жеткізушілері фиқһта білгірірек болса, солардың риуаяты негізге алынады.

Комментарии закрыты.