IMG-20200429-WA0037

ӨЗІҢДІ БАҒАЛАМАУ

Оның негізгі 3 себебі бар:
1️Қорқыныш
2️Реніш
3️Тәуелділік

Қорқыныш дегеніміз – мидың қорғаныс реакциясы. Өміріміздің қауіпсіздігі үшін әрине қажет-ақ. Бірақ бұл сезім шамадан тыс көп болса, батылдықты алып қояды.
ШЕШІМ: адам жай ғана өзіне де, өзгеге де қателесуіне рұқсат беру керек. Қателеспеуің де мүмкін, бірақ әйтеуір түк істемей жатқанша, амал жасайсың. Тәуекел бізден, нәтиже Алладан.

Реніш дегеніміз – біреуге ашуланып, өзіңді аяу. Бұл көп адамдар үшін «пайдалы» сияқты көрінгенімен, адамның энергиясын жеп қояды. Соны ойлай береді. Болашаққа қадам бастырмайды. Тез ренжіп қалатын адам нәпсісі жоғары келеді және бала күйінен шыға алмайды.
ШЕШІМ: Ренжіген кісілерді кешіру керек. Кешірімді таңдау керек. Өмір бойы кешіре алмаймын десе, демек оған сол сезім қажет боп тұрғаны.

Тәуелділік деген – басқалар айтпайынша, өзіңді жақсы көре алмау. Құрбан күйіне кіріп алып, шыққысы келмейтіндер. Сағаттап айналасындағылар мен қиын тағдырына шағым айтқан ұнайды оларға.
ШЕШІМ: кімге эмоционалды деңгейде тәуелді екеніңді анықтап, не үшін оған тәуелдімін? деп ойлану керек.

Комментарии закрыты.