IMG-20200503-WA0001

АХАД ХАДИСТІҢ ҚҰРАНҒА ҚАЙШЫ КЕЛУІНІҢ ДӘЛЕЛІ

Өткен жазбамызда Имам Зәһид әл-Кәусәридің «Тәнибу әл-Хатиб» атты еңбегінен ханафи мәзһабында ахад хабардың қабылданып-қабылданбауына қатысты 14 шартын айтқан болатынбыз. Сол шарттардың екіншісі төмендегідей:

Егер ахад хабар Құранның негізгі ұстанымдары мен тура мағынасына қайшы келсе, Құранға сай хабарлар негізге алынып, оған қарама-қайшы келген ахад хабар тәрк етіледі;

Дәлел:

Құран бізге мұтауатир жолмен жеткендіктен, оның Алла тарапынан түскендігіпде әрі қандай да бір өзгеріске ұшырамағандығында еш күмән жоқ. Ал ахад хадис олай емес. Сахабалар да Құранға анық қайшы келетін хадистерді қабылдамаған.
Мысалы: Мүслимнің сахих хадистер жинағында Омар ибн Хаттабтан мынадай хадис риуаят етілген. Фатима бинт Қайс атгы әйел сахабаның «(талақ болған әйелге) жатын орын да, нәпақа да берілмейді», деп пайғамбарымыздан (с.а.с.) риуаят еткен хадисі Омар ибн Хаттабқа жеткенде: «Дұрыстап жаттағаны яки ұмытқаны белгісіз бір әйелдің сөзіне сеніп, Раббымыздың Кітабын, Пайғамбарымыздың сүннетін тастай алмаймыз. Талақ болған әйелге жатын орын да, нәпақа да беріледі. Алла Тағала: «Анық ауыр күнә (зина) жасамайынша оларды үйлерінен шығармаңдар», («Талақ» сүресі, 6-аят) деген».
Бұл жерде әйел риуаят еткен аталған хадис Құранның анық аятына қайшы келгендіктен, халифа Омар оны қабылдамаған. Сондай-ақ, бұл хадис «Талақ» сүресіндегі: «Талақ еткен жұбайларыңа (ғиддаттары біткенге дейін) жағдайларына қарай өздерің тұрып жатқан жайдың бір жерінен орын беріңдер» («Талақ» сүресі, 6-аят), делінген аятқа да қайшы.

Сунан әт-Тирмизи. Ханафи хадис әдіснамасы 108 б. «Исламтану зерттеулер сериясы – 4», Алматы 2020. Қайрат Жолдыбайұлы

Комментарии закрыты.