IMG-20200504-WA0022

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢ

Жүктілік кезең – бала тәрбиесі тұрғысынан маңызды кезеңдердің бірі. Құран Кәрімде: «Расында, біз адамды нағыз балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (жатырға) орналастырдық»[1] − деп баяндалады.

Хадисте: «Әрбір адамның жаратылысы ана жатырында қырық күнде ретке келеді. Сосын тағы сондай кезеңде алақа, тағы сонша күнде мудғаға айналады. Сосын бір періште арқылы рух беріледі. Әлгі періштеге «Енді сәбидің рызығын, ажалын, бақытты немесе бақытсыз болатынын жаз» деген бұйрық келеді»[2] деп түсіндірілген.

Ғылыми зерттеулер бойынша темекі шеккен әйелдер қылмысқа бейімдеу ұрпақ әкелетін көрінеді. Себебі, темекінің уы жатырдағы сәбидің миын зақымдайды екен. Стресс бала денсаулығындағы кінәраттарға жол ашады.Ал жүктіліктің 28-аптасынан бастап анасы жеген тәттіні сезіп, қуанады екен. Жүктілік кезеңінде ананың жеген тағамнан бастап, көңіл-күйі, өмір сүріп жатқан ортасына дейін бәрі баланың мінез-құлқына әсер етеді.

Жүктілік кезінде ана Құранды көп тыңдап, оны өзі де дауыстап оқитын болса, баланың жатырда жатып-ақ Құранмен танысуына жол ашады. Құлшылығын атқарып, дұғасын жасаса, іштегі сәбиімен бірге жалбарынғандай болады. Анасы әрбір әрекетіне мұқияттылық танытып, мұсылмандыққа сай өмір сүрсе, іштегі баласы сол кезде-ақ бақыттылардың қатарына қосылады. Себебі, Пайғамбарымыз (саллаллаһу ғаләйһи уә сәлләм) бір хадисінде былай деген еді: «Бақытсыз адам анасының құрсағында жатқанда-ақ бақытсыз, бақытты адам анасының құрсағында жатқанда-ақ бақытты»[4] ⠀
© Мәлімет «Исламдағы бала тәрбиесі» кітабынан алынды.⠀
[1] «Муминун» сүресі, 12-14.⠀
[2] Бухари, Бәдул-халқ, 6; Муслим, Қадәр, 1.⠀
[3] Муслим, Қадәр, 2; Муснәд, 1-т., 374-375-б.⠀⠀ ⠀
[4] Бухари, Қадар, 1; Муслим, Қадар, 3; Ибн Мажә, Муқаддимә, 7.

Комментарии закрыты.