IMG-20200504-WA0017

МҰСЫЛМАН ЖАСТАРЫ ҮШІН ЕҢ МАҢЫЗДЫ МАМАНДЫҚ

Бүгінде, жастар басқа. Оқуға бөлінетін грант саны көп. Мамандық таңдауда да мүмкіндіктер мол. Жалпы, мұсылмандықта мамандық жайлы не айтылған? Сол жөнінде бір-екі ауыз ой бөліскенді жөн көрдік.

Ибн Мажа хадис еңбегінде, сахаба Әнас бин Маликтен (р.а.) жеткен хадисте: «Білім алу әрбір мұсылманға – парыз», — деп айтылады. Құранның ең алғашқы пәрмені де – «Оқы!», яғни білімге ден қою жөніндегі алғашқы аят. Аталмыш хадисті жүзеге асыру қоғамның әлеуметтік, экономикалық және рухани дамуына зор серпіліс тудырады. Бұл хадистің мән-мағынасын ғалымдар қоғамда қай ғылым кенжелеп тұрса, қандай салада мамандық жетіспеушілігі байқалса, міне соны игеру парыз дейді.

Тағлим-мутағаллим кітабында: Бір шаһарда Құран маманы қари тапшы болса, жетерлік дәрежеде Құран мамандары шыққанға дейін қала тұрғындарына түгелдей Құран жаттау парыз болады. Ал, дәрігер тапшы қалада, қажетті дәрежеде дәрігер маманы даярланбайынша осы мамандықты игеру баршасының мойнына міндет боп қала береді», — дейді.

Заманауи тілмен айтқанда, мамандық даярлауда ұдайы мониторинг қажет. Мемлекет тарапынан тұрақты сараптама жүргізілуі керек. Сонымен қатар, жастар да «заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегендей уақыт талабына сай саланы игеруге талпынғаны жөн.

Комментарии закрыты.