07ca63dcdb4b51098034ed28b6e1673e-640x480@2x

Қазақстандағы Исламтану саласы даму сатысында

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, дәстүрлі исламдық діни құндылықтар қайта жаңғырып, халқымыздың дінге бет бұру үдерісінің артқандығы мәлім. Дін – әлеуметтік процесстерге тікелей әсер етуші фактор, әрі қоғам руханияты мен мәдениетінің ажырамас бөлігі болғандықтан, қоғамдағы дін аралық қатынастарды реттеу мақсатында, Қазақстан үшін ислам дінінің ғылым ретінде зерттелу маңыздылығы зор болып табылады. Сол себепті, елімізде Исламтану саласында жоғарғы, білікті мамандар дайындайтын орталықтар мен жоғарғы оқу орындарына деген сұраныстың артуы да заңдылық.
Осыған орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы 2014 жылы «Исламтану» жаңа мамандығына лицензия алып, алғашқы кезде докторантура, магистратура деңгейінде мамандар дайындап келеді, ал 2018 жылдан бакалавриатқа студенттер қабылдана бастады.
Исламтану – ислам дінінің тарихы мен мәдениетін, теологиялық, дүниетанымдық, философиялық және сенімдік доктариналарын, құқықтық жүйесі мен негізгі қағидаларын және исламға қатысты қоғамдық-саяси ұйымдарға, діни-құқықтық жүйелерге, мектептерге байланысты өткені мен бүгінін зерттейтін ғылыми білімдер жүйесі. Исламтану ғылым ретінде, исламды сынға алумен де немесе оның апологетикасымен де айналыспайды, керісінше исламға қатысты объективті танымды қалыптастыруға ұмтылады.
Білім беру артықшылықтары:
• Дінді зерттеуге қажетті әдістер мен зерттеудің пәнаралық стратегияларының артықшылықтарын пайдалана алатын, өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізе алатын және исламтану саласында өзіндік ғылыми ой-пікірі қалыптасқан жоғары білікті мамандарды даярлау;
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы дінді зерттейтін бірегей оқытушылық ұжымы бар ірі орталықтардың бірі;
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жасап шығарған білім беру бағдарламалары мен компетентілікке-бағдарланған оқу жоспарлары;
• Академиялық мобильділік бағдарламаларына қатысу және академиялық карьерасын әлемнің озық унивеситеттерінде жалғастыру мүмкіндігі;
• Түлектер өздерінің кәсіби білімдері мен тәжірибелік білімдерін оқу және зерттеу мақсатында қолданады, сонымен қатар заманауи компьютер технологияларын пайдалана отырып қоғамдық өмірдің басқа салаларында қолдана біледі;
• Күрделі немесе бейтаныс жағдайларда жаңа идеяларды ойлап таба білу мүмкіндігі; ғылыми-зерттеу ортада қайталанбас, ерекше болу, тәуелсіз, еркін болу және сыни ойлай білу, сонымен бірге зерттеудің мәнін түсіне алу мүмкіндігі;
• Үздіксіз білім беру жүйесінде дағдылар мен қабілеттерді арттыру, жаңа білімдерге қол жеткізу, кәсіби білімді (исламды) жаңарту, кәсіби және жеке тұрғыда өзін-өзі жетілдіруге қабілетті болу;
• Зерттеулерді басқару дағдысын қалыптастыру: ғылыми-зерттеу мақсаттарын жүзеге асыру барысында жобаларды тиімді басқару; қызметтің ағымдағы мен басым бағыттарын үйлестіре білу; ақпаратты жүйелеу, салыстыру; қажетті ақпарат көздерін анықтау және бағалау; ақпаратты технологияларды сауатты пайдалану;
• Білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу мен жоғарғы білікті ғылыми кадрларды дайындаумен айналысатын бағдарламаларды әлеуметтк үдерістерді модельдеу мен талдау бойынша дінтанулық сараптама ғылыми орталығын қолдау;
• 300 мыңнан астам кітаптары, оның ішінде 100 мыңы сирек кездесетін қолжазбалар қоры бар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасына және Шпрингер халықаралық кітапханасының қорына қол жетімділік.
Халықаралық байланыстар: докторанттар төмендегі тізімде көрсетілген серіктес жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдама өту мүмкіндігі бар:
•   Мармара (Туркия)
•   Кастамону (Туркия)
•   Мимар Синан Еуразиялық мәдениет және өнер (Туркия) ,
•   Манчестер Университеті (Англия)
•   Оклахома штаты Университеті (АҚШ)
•   Христиандық пен исламды зерттеу орталығы (АҚШ)
•   Славяндық Еуропалық университеті
•  Исламдық мәдениет орталығы (Қытай)
•  Гуманитарлы және әлеуметтік ғылымдар институты (Корея)
•   Уппсала Университеті (Швеция)
•  Цюрих Университеті, Швейцария,
•  Комплутенсе Мадрид университеті, Испания
Бітіруші түлектерге Мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Тәжірибеден өту орындары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі: Алматы қаласының жастар саясаты бойынша Басқармасы, Алматы қаласының дін істері бойынша Департаменті, ҚР БҒМ ҒК, Философия, саясаттану және дінтану институты: Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстанның орта және жоғарғы білім беру мекемелері, Әкімшілік («акимат»), Қарулы құрылымдар (ҰҚК, ІІМ) БАҚ, ғылыми-зерттеу, мұражай орталықтары, діни ұйымдар (ҚМДБ, мешіттер және т.б.). ІІМ, ҰҚК және прокуратура органдарында дін істері бойынша маман, мемлекеттік-құқықтық сұрақтар, дінаралық және конфессияаралық қатынастар бойынша консультант, мемлекеттік, конфессионалдыы және қоғамдық ұйымдар, жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқытушы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының Исламтану мамандығы жайлы толық ақпаратты осы сілтеме арқылы көре аласыздар https://www.kaznu.kz/kz/19383/page/.
Бағашаров Қ.С.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
философия және саясаттану факультеті,
дінтану және мәдениеттану  кафедрасының аға оқытушысы,PhD
Сақан Д.Д.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
саясаттану және философия факультеті,
дінтану және мәдениеттану кафедрасы
“Исламтану” мамандығының
1 курс магистранты

Комментарии закрыты.