20200505_131557_0000_resized_20200505_014856303

ЖАСТАР РУХАНИЯТЫ НЕЛІКТЕН ӨЗЕКТІ?

Қасиетті Құранда: «Алла күллі адамзатты (олардың табиғатын, бар болмысын) діннің негізінде, соған сай етіп жаратты (мақсаты да – сол хақ дінге бет бұру болып табылады). Алланың жаратқанын өзгертуге жол жоқ» («Рум» сүресі, 30-аят) делінеді. Яғни, адам баласының жаратылу мақсаты дінді ұстану, діни құндылықтарға лайық өмір сүру болса, күнәлі істерге жол ашу жаратылысты өзгерту болып табылады.

Жаратылысты өзгертуді – денеге пластикалық ота жасатумен ғана өлшемей, бәлки, туа бітті таза болмысты, жан дүниені өзгертуді, адами құндылықтарға шабуыл жасауды да осы мағынада түсінуге болады. Міне, осы тұрғыдан тәбиғаты таза, ақылы енді жетіліп келе жатқан жастарға имани тәрбие беру Алланың дініне лайық өмір сүруді білдіреді. Ал, жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсете алмау мұсылмандық міндеттің орындалмауы деп ұққан жөн.

Бірақ, бұл тағдырда адамның кім болатыны белгіленген, өмірде біздің ешқандай таңдау еркіміз жоқ деген түсінік дұрыс емес. Біздің дүниеге келуіміз әке-шешеміздің себепкерлігімен болды, өмір сүруіміз де себептерден тұрады. Сондықтан, жастар дұрыс бағытын табуы жолында себептерін істеуіміз керек.

Кімнің тағдырынде не жазылғанын білмейміз. Сонымен қатар, бізге ақыл мен таңдау еркі беріліп, Хақ жол көрсетілді. Сондықтан, бізге берілген нығметтерді бағалай отырып, өз-өзімізге, балаларымызға екі дүниеде де бақытты болу үшін көмектесуіміз керек.

Комментарии закрыты.