IMG-20200505-WA0055

МӘЗҺАБТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Пайғамбарымыз ( с.а.с) кезеңінде мұсылмандардың қай-қайсысы болмасын бір қиындық туындаған жағдайда, діннің үкімін түсінбеген кезде Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сұрап білетін.Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірден өткеннен кейін сахаба мен табиғин кезеңдерінде де алдыңғы қатарлы ғалымдар құран мен сүннетке жүгіне отырып түсіндіретін.

Осыған орай мәзһабтардың пайда болуына ықпал еткен мүжтахид имамдар (әтбағут-т табиғин) кезеңі (120-350/738-960) мен ерекшеліктеріне қысқаша тоқтала кеткен жөн. Бұл кезеңде де алдыңғы кезеңдегі сияқты ижтихад еркіндігі басым болған кезең. Уақыт өте Ислам жағрафиясының кеңеюімен діннің үкімдерін жақсы білетін ғалымдардың айналасына көпшілік топтала бастады. Бұл үрдіс бара келе бір мәзһаб қалыптасуына жол ашты.
⠀ ⠀
Мәзһабтардың пайда болуына ықпал еткен басқа да себептерді айтуға болады.

А) Әуел баста мүжтахидтер керекті мәселеге үкімін берсе, ал бұл кездегі мүжтахидтер фиқһ тұрғысынан барлық мәселелерді қарастырған.

Ә) Жасалған ижтихаттардың үкімдері жинақталып кітаптарға жазылуы; ⠀

Б) Фиқһ мектептері (рай, хадис мәселелері) пайда болуы және белгілі мәзһаб өкілдерінің ауызша, жазбаша пікірталастыруы.

В) Бұл пікір таластар мүжтахиттерге тән тәсіл мен қағидалардың, яғни фиқһ методикасының пайда болуына ықпал етті.

Комментарии закрыты.