IMG-20200505-WA0015

ХАБАРЛАНДЫРУ: ONLINE БАЙҚАУ

Құрметті оқырмандар, @ansar_aqparat ресми инстаграм парақшасында «Жанұя шаттығы» online байқауы жалғасады.

6-ТАПСЫРМА: «ҰЛ ТӘРБИЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

1. @ansar_aqparat және @ansar_volunteer инстаграм парақшаларына жазылу;
2. Өз қалауыңызға қарай «Ұл тәрбиесі» тақырыбында #Аңсар_жанұя_шаттығы хэштегімен фото/видео +пост жазасыз. Тапсырма суретін скриндеп алуға не тақырыпқа сай басқа сурет, видео салуға болады, мәтін міндетті түрде болуы тиіс. Жұмысыңызды өз инстаграм парақшаңызға жариялайсыз, @ansar_aqparat инстаграм парақшасын белгілейсіз;
3. Парақшаңыз ашық болуы тиіс;
4. Байқауға тек Ақтөбе өңірі, Ақтөбе облысының тұрғындары қатыса алады;
5. Жас шектеуі бар. Байқауға 16 жастан бастап қатыса алады.

Жеңімпаз «Балам жақсы болсын десеңіз» кітабын және монопод иеленеді.

ТІЛДІК ТҰРҒЫДАН САУАТТЫ, КӨРКЕМ ЖАЗЫЛЫП, САПАЛЫ ЖАСАЛҒАН, ДІН, ДӘСТҮР, ТАРИХ САБАҚТАСТЫРЫЛҒАН, ӨМІРЛІК ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН, ҚАЗІРГІ ТҰРМЫСЫМЫЗДА ПАЙДАЛАНА АЛАТЫН, ӨЗЕКТІ, ӨНЕГЕЛІ, ҒИБРАТ АЛАРЛЫҚ, ШЫНАЙЫ, ОҚЫРМАННЫҢ КӨҢІЛЕН ШЫҒЫП, КӨП ЛАЙК, ПІКІР ЖИНАҒАН ҮЗДІК ЖҰМЫС ЖЕҢІМПАЗ АТАНАДЫ.

Қатысушылар жұмыстары @ansar_aqparat парақшасына жарияланып отырады. Осы парақшада жазбаңыз ең көп лайк, пікір жинаса +1 дауыс беріледі. Қалған 5 дауыс тәуелсіз қазылар алқасының шешіміне байланысты. Жазбаның @ansar_aqparat парақшасына жариялануы міндетті шарт болып табылмайды. Жазбаңыз тек өз парақшаңызда қалсын десеңіз, дайректке ескертіп жіберіңіз. Қалған жағдайда жазбаңыздың ресми парақшаға шығуына автоматты түрде рұқсат берген болып есептеледі.

МӘЛІМЕТТЕРДІ БАСҚА ЖЕРДЕН КӨШІРУГЕ БОЛМАЙДЫ! БАРЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ.

УАҚЫТЫ: 17-мамыр, сағат 23.00-ге дейін қабылданады.

Комментарии закрыты.