IMG-20200503-WA0019

«RAMAZAN TIME» СҰРАҚ-ЖАУАП УАҚЫТЫ

Сұрақ: Ораза ұстаушы ұмытып ішіп-жеп қойса, оразасы бұзылады ма?

Жауап: Тамақ яки суды ұмытып ішіп қою – оразаны бұзбайды. Себебі ұмытып ішіп-жеу
оразаны бұзатын амалдардан емес. Ондай адам оразасын жалғастырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені, оған
жегізген де, ішкізген де Алла», – деген. Алайда, ораза екендігі есіне түскен сәтте бірден ішіп-жеуін дереу тоқтатуы шарт.

Комментарии закрыты.