IMG-20200508-WA0023

ХАДИСТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАҒАН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР

1. Араб тілі грамматикасының ерекшелігіне байланысты:

Хадистердің бір мәселеде әр түрлі көзқарастарға себеп болуы, араб тілінің өте ерекше тіл құрылымына ие болуында. Мысалы, бір сөз араб тілінде әр түрлі қалыпта оқылғандықтан, мағыналары да оқылған формаға сай өзгеріп отыруына байланысты ғұламалар бір сөзден әр түрлі үкімдер шығарған.

2. Бір мағынадағы хадистің әр түрлі сөздермен риуаят етілуіне байланысты:

Хадистердің Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) дәл сөзбе-сөз айтқанындай емес, мағынасы бойынша риуаят етілу салдарынан бір хадис түрліше сөздермен жеткізіліп, бір мәселеде әр түрлі көзқарастар пайда болған.

3. Бір мәселеде Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) әр түрлі хадистерінің болуы.

4. Пайғамбарымыздың іс-әрекеті мен сөздерінің әр келкі жорамалдануы.

Мысалы, пайғамбарымыз(с.ғ.с.) Ахзаб күні сахабаларына «намаздарыңды тек Бәни құрайзаға барып оқыңдар» деді. Аср намазының уақыты жолда кірді. Сөйтіп кейбіреуі: «Намазды бармайынша оқымаймыз» – десе, енді біреулері: «Жоқ, керісінші оқимыз. Өйткені, пайғамбарымыз бізге бұны айтқысы келмеді деді (яғни, тезірек бәни құрайзаға баруымызды қалады). Кейіннен бұл жағдай пайғамбарымызға білдірілген уақытта олардың ешқайсысын кінәлаған жоқ».

5. Имамдардың хадис іліміндегі дәрежелерінің әр түрлі болуы.

6. Хадис дәрежелерін белгілеудегі тәсілдердің әр түрлі болуы.

7. Аят-хадистерді түсінуде имам дәрежелерінің әр түрлі болуы.

8. Кейбір білдірілген хадис үкімдерінің күші жойылып (мәнсұх болып), орнына жаңа насих үкімдер келген. Осындай хадистердің, хадисте білдірілген оқиғалардың қайсысының бұрын, қайсысының кейін болғанын, яғни, насих пен мәнсұх хадистерді бір-бірінен ажыратуда ғұламалардың бір көзқараста болмауы – әр түрлі мәзһабтардың шығуына түрткі болған.

© «Әбу ханифа мәзһабы» (А.Әділбаев) кітабынан ықшамдалып алынды.

Комментарии закрыты.