IMG_20200511_201703_279

ТӘҢІРШІЛДІКТІ ДІН ДЕП АТАУҒА БОЛА МА?

Тәңіршілдікті дін деп атауға болмайды. Себебі, тәңіршілдік дін емес, наным-сенім. Тәңіршілдік – түркі халықтарының исламға дейінгі негізгі діни нанымы. Табынудың басты объектісі – Тәңір. Тәңір (көне түркі тілінде – мықты, ер, құдіретті) – көне түркілердің діни наным-сенімдеріндегі тұлғаланбаған, шексіз күйі есебіндегі аспанмен теңестірілген басты Құдай бейнесі. Тәңірмен қатар Жер — Су құдайы да түркілер үшін – табыну объектісі болған. Егер осы айтылған тұжырымды қабыл етсек, онда тәңіршілдікте үш құдай түсінігі бар деген ұғым шығады. Тәңіршілдікті өзге діндермен салыстарғанда дін санатына жатпайтынын аңғару қиын емес. Мәселен, Тәңір түркілерден күн сайын дұғалар оқып, ғибадатханаға баруды, құлшылық жасауды талап етпейді. Күнделікті құлшылығы мен ғибадатханасы болмаса, ол қандай дін болмақ? Тек құдайды еске алып қою ол дін емес, наным немесе жасанды дін.

Философ ғалым Ғарифолла Есім тәңіршілдік мәселесінде былай дейді: «Түркілердің адамзат өркениетіне қосқан ең үлкен үлесі Тәңір идеясы. Тәңір идеясын монетеистік сипаттағы мәдени танымның негізі деуге болады. Жалпы Тәңір мәселесінде ғылымда әр текті пікірлер баршылық. Менің де бұл мәселеде өз түсінігім бар. Тәңірді біз сипаты арқылы танимыз. Ал Тәңірдің сипаты – көк. Басқаша айтқанда көк Тәңірдің эпитеті. Сонда «көк» дегеніміз не? Біреулер көк деген аспан десе, «көкті» эпитет дегенге тоқтайды. Менің пікірімше, «көк» дегеніміз «аспан» емес. Себебі «көк» деген өсіп-өну деген мағына беретін ұғым. «Көк» сөзі де осы тәрізді Тәңірдің сипатын ашады. Тәңір – жаратылыс, ол көк, яғни мәңгі өсіп-өне беретін қуат. Тәңір деген дін емес, онда діндік институттар жоқ, дін дерлік қағидалары жоқ, ол дүниеге ашық көзқарас, ашық дүниетаным. Демек дін дүниетанымнан, осы тәңірлік ашық дүниетанымнан шығып отыр.

© ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы, ғылым докторы Смайыл Сейтбековтен «Kazislam» ақпараттық-ағартушылық порталындағы Тұрар Түгелұлымен сұхбаттан үзінді.

Комментарии закрыты.