IMG-20200511-WA0009

ӘБУ БӘКІРДІҢ (Р.А.) ҚҰРАНДЫ ЖИНАУ ТАРИХЫ

Әбу Бәкірдің (р.а) заманында Құран Кәрімнің жинақталуына сол кездегі соғыстарда Құран жаттаған сахабалардың бір тобының шейт болуы себеп болды.

Әбу Бәкір (р.а) сахабалар тарапынан түрлі материалдарға (тері, папирус қағазы, жауырын сүйегі, жұқа ақ тас, құрма бұтағы, қыртас қағазы, тақтай) жазылған, әрі жатталған Құран сүрелерін жеті қаріппен түсу ерекшелігін сақтай отырып, пайғамбар (с.а.у) белгілеген реттілікпен жинақтады. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, қажетті талаптар қойылды. Бұл игі істі орындауды халифаның бұйрығымен, пайғамбарымыздың (с.а.у) хатшысы Зәйд ибн Сәбит (р.а) орындады.

Құранды жинақтауда комиссияның талаптары:
1. Алып келінген аяттардың жатқа білінуі керек;
2. Пайғамбарымыздың (с.а.у) құзырында жазылған болуы керек;
3. Пайғамбарымыздың (с.а.у) құзырында жазылғандығына екі куәгер куәлік етуі керек;

Жинақталған мұсхаф халифа Әбу Бәкірге тапсырылды. Ол дүниеден өткеннен кейін келесі халифа Омардың (р.а) қолына өтті. Халифа Омар (р.а) қайтыс болған соң, мұсхаф өзінің қызы, әрі пайғамбарымыздың (с.а.у) жұбайы Хафсада қалды.

© «Құран ілімдеріне кіріспе» (Қ.Құрманбаев) кітабынан ықшамдалып алынды.

Комментарии закрыты.