IMG-20200513-WA0044

«Оң қолың бергенді, сол қолың көрмесін….»

«Аңсар» орталығының басшысы Н.Берікұлынан @nursultan_zhanshin танымдық жазба. «Оң қолың бергенді, сол қолың көрмесін….»

Қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық бұл – кез-келген қоғамның баға жетпес құндылығы. Біз «тасбауыр» деп жиі сөгетін қоғамда жомарт жүректі адамдар бар және олар көп…

Мәселен, әлем бойынша көптеген қайырымдылық қорлары мен волонтерлық топтар жұмыс жасайды. Тіпті бюджеті $10-30 млрд-ты құрайтын қайырымдылық қорлары кездеседі. Олардың ішінде, бюджеті $50,7 млрд құрайтын «Bill&Milinda Gates Foundation» қайырымдылық қорын айтуға болады.

Негізгі мақсаттары әлемдегі денсаулық, білім саласын дамыту, кедейлікті жою, ​ африкалықтарға көмек, эпидемияға қарсы дәрі-дәрмектер сатып алу, табиғи апаттардан жапа шеккендерге жәрдем, жан-жануарларға және т.б. көмектесу болып табылады.

Ал, елімізде де қайырымды жандар жоқ емес, бар… Оның бір дәлелі: Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге еліміздің түкпір-түкпірінен көмек қолын созушылар ағылып жатыр…

Ал, өзіміздің Ақтөбе өңірінде қайырымдылыққа жаны құмар жандар өте көп… @zhurekten_zhurekke_aktobe тобы 4 күнде 1 млн қаражат жинап, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетсе, @volonter.2020_aqtobe бастамасымен көпбала отбасыға өз күштерімен үй салуды бастап кеткендігін мақтанышпен айтуға болады.. ​ ​

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» -​ демекші, қандай қайырымды істер жасасаң да, барлығы өзің үшін деп ата-бабамыз да мақал-мәтелдерде айтып кеткен.
Шағырай шешен өз кезегінде:
Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.
Үлгілі сөз білмеген,
Надандықтың белгісі.
Бар-жоғына қарамас,
Анық жомарт, ер кісі,-деп дөп басып айтқан.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.):​ «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!»​ – дегенін​ ұмытпайық.

Қасиетті Рамазан айында жасалған әрбір амалдың сауабы еселене түседі. Бұл айда @ansar_volunteer тобы да қайырымдылық істерін белсенді атқаруда. Парақшасына тіркелсеңіз, жауапты волонтерлардың байланыс номері көрсетілген.

Имам Тирмизи хадистер жинағында: «Ең жақсы садақа – Рамазанда жасалған садақа» – деген. Сол себепті барлықтарыңызды сауабы мол қайырымдылық іс-шараларына атсалысуға шақырамын.

Комментарии закрыты.