IMG_20200513_201927_947

ЗЕКЕТ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

Зекет мына адамдарға беріледі:
1) Мұқтаждар: діни мөлшер бойынша бай болып саналмайтын, нисаб мөлшерінде дүние-мүлкі жоқ адамдар.
2) Кедейлер: Ештеңесі жоқ адамдар.
3) Борыштылар: Қарызынан тыс дүние-мүлкі нисаб мөлшеріне жетпейтін адамдар.
4) Жолаушы: Өз елінде дүние-мүлкі болса да жолда ақшасыз қалған, қолында ештеңесі жоқ адамдар (бұл адамдарға үйлеріне жете алатындай мөлшерде зекет беруге болады).
5) Алла жолындағылар: Бұлар – жиһад немесе қажылық үшін жолға шығып ақшасыз қалғандар мен барлық жұмысын тастап ғылым жолына түскендер.

Зекет берген кезде мына ретті сақтау керек:

Алдымен бауырлары, бауырының балалары, немере ағасы, әпкесі, нағашы ағасы мен әпкесі, содан кейін басқа туған-туысқандар мен көршілер, олардан кейін көшесінде және ауылында, еліндегі кедей-кепшіктер. Зекеттен алған ақшаларын күнә жолына жұмсап, ысырап ететін адамдарға емес, шын мәніндегі қажеттіліктері үшін жұмсайтын кедейлерге берген жөн.


ДЕРЕККӨЗ: muftyat.kz

Комментарии закрыты.