79ef948c-6227-4daa-8d4f-4aec095e41b0

Мақала

Сезім мүшелерінің сыры
Көру мүшесі – көз ,
Есту мүшесі – құлақ ,
Дәм сезу мүшесі – тіл ,
Иіс сезу мүшесі – мұрын ,
Жанасып сезу мүшесі – тері .

Ал, түйсік – айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. ⠀
Талдағыштардың (анализатор) жұмысы үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары.
Осы айтқанымызды Ш.Құдайбердіұлы:
«Тән сезіп, көзбен көрмек,
мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек.
Бесеуінен мидағы ой хабар алып,
жақсы-жаман әр істі сол тексермек» деп, түйсік процесін материалдық дүниедегі заттардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер ету арқылы миымыздың қатпарларына жазылып, танымдық түсінік қалыптастыратынын айтады.

Бұл сезім мүшелері туралы имам Матуриди: «Адам өзіне берілген таным мүшелерінің хақиқи болмысы мен сырын толық біле алмайды. Ендеше, бұл сезім мүшелерін жаратып, олардың хақиқи болмысы мен сырын толық білетін бір Заттың (Алланың) болуы ақылға қонымды. Адам бұл сезім мүшелерін рухани және материалдық тұрғыдан болатын түрліше зияннан сақтап қала алмайды. Бұдан ақыл иесі болған адам баласы жаратылысындағы сезім мүшелерінің сырынан бейхабар екені шығады. Демек, адам баласындағы бұл дәрменсіздік білім және хикмет Иесі болған бір Жаратушы Хақты тануға жетелейді» деп, адам сезім мүшелерін Ислам діннің рухын терең түсінуге арналған бір құрал ретінде қарастырады.
Имам Матуриди, адам сезім мүшелерін ақиқатты түсіну үшін дәлелдік күшке ие деп қарастыруына келер болсақ, Ол, Құрандағы: «Анығында, еститіндер ғана шақыруға құлақ асады. Алла өлілерді (шақыруға құлақ аспағандарды) де қабірде қайта тірілтеді. Содан кейін бірі қалмай Аллаға қайтарылады» (Әнғам сүресі, 36-аят) деген аяттың тәпсірінде: «Әркімде еститін құлақ бар. Бірақ, Жаратушының әмірін естіген соң бұлжытпай орындайтындар бөлек. Құранда: «Расында, ақиқатты ескерту мүміндерге пайдасын тигізеді» (Зәрият сүресі, 55-аят) деген. Міне, осы тұрғыдан кәпірлер өлі, мүміндер тірі деп айтылған.
Құранның басқа жерінде: «Біз кезінде (рухани тұрғыдан) өлі болғанды жан-дүниесін (иманмен) тірілттік. Адамдар арасында адаспай жүруі үшін жарық нұрға түскен адам, бейне бір қараңғы түнектерде қалып қойып, одан шыға алмай жүрген бейбақ сияқты ма? Әлбетте, ондай емес» (Әнғам сүресі, 122-аят) деп келеді. Демек, Алла Тағала әрбір адамға екі құлақ, екі көз және екі өмір берді. Рухани терең түсінікке ие есту мен көруді мәңгілік ақырет әлемімен байланыстырады. Ақырет өмірінің өзі де мәңгілік. Ал, материалдық көз, құлақ болса, жалған өмірден ғибрат. Мәңгілік болған ақырет өмірін танып, біле алмайды. Материалдық көзқараспен шектеліп қала береді. Адамға берілген ақыл да осындай екі негізде болады» деп, адамға берілген сезім мүшелерінің екі жағы болатынын айтады. Бірі сол нығметтерімен (сезім мүшелері арқылы) Жаратушы Иесін танып, құлдық етуге себепкер болады. Екіншісі де, сол нығметті жаратылыс мақсатқа лайық пайдаланбай, күпірлік қылғандарды жатқызады.Имам Матуриди, «Алла Тағала әрбір адамға екі құлақ, екі көз және екі өмір берді… Адамға берілген ақыл да осындай екі негізде болады» деген көзқарасын ғылым-техника да дәлелдеп отыр. Жәй көзіміз арқылы бір заттың сыртқы болмысын көре алғанымыз сияқты рухани (ішкі түйсік) көзімізбен сол заттың хикметін де байқай алады екенбіз. Өкініштісі, Алла Тағаланың адамзатқа берген бұл (жасырын түйсік) нығметін ғылым-техникасы дамыған елдер теріс жолда пайдаланып, сол жасырын түйсікке (мидың қатпарларына) зиянды информацияларды толтыру арқылы адамзат өмірін талқандап жатқаны БАҚ-да айтылып жатыр.
 Сөзіміздің дәлелі ретінде, «Правда о мультиках, растление молодежи (полностью)» және «Что скрыто в мультфильмах ведь их смотрят ваши дети!» видеолық қойылымдағы іс-әрекеттер жарнама және мультфилім арқылы жас ұрпақтың ми қатпарларына (25 кадр) жазылып, санасын улап, бойына жаман қасиеттерді сіңіреді екен. Мысалы: «Skittles» маркалы школадтың қорабында, «MONEY $EXCHANCE» жазуында «Жыныстық қатынас» деген мағына беретін сөздер жасырылса, «Пингвин» және «Арыстан» сияқты хайуанаттар бейнеленген кейбір мультфилімдерінің де көріністерінен материалдық жәй көзбен сыртқы алдамшы әрекеттерін көрумен ғана шектелсек, ал рухани түйсік арқылы жарнама немесе мультфилімдердегі жасырылған жыныстық қатынастыққа әуес қылатын қитұрқы, бұзақылық қылықтар жас буынның ми қатпарларына жазылып, іс-жүзіндік нәтижесін береді екен. Дана халқымыз: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, елін, дінін және салт-дәстүрлерін қадірлейтін жас ұрпақтың бойына ізгі қасиеттерді сіңіре білу кезек күттірмейтін келелі іс. Ал, енді осы «кішкентай бүлдіршіндерімізге беріліп жатқан тәлім-тәрбиенің негізі неде? көп уақыттарын қалай өткізеді?» деген сұрақ төңірегіне оралар болсақ, бүгінгі таңда бүлдіршіндерімізге тәрбие негізінен телевизор арқылы беріліп жатыр. Өйткені, тартымдылығы бала тұр ғой үлкендерді баурап алатын, шетелдің идеологиялық мультфильмдерін балалар таңнан кешке дейін теледидар алдынан кетпей отырып көруден жалықпайды. Көргенін жүрегімен ұғып, санасына сіңіреді. Сөйтіп, өзіндік ұстанымы әлі қалыптасып үлгермеген балаларымыздың мінез-құлқында өзгерістер пайда болады. Тіпті, өзге діннің, өзге елдің салт-дәстүрін қадірлейтін, өз дінімізге, ұлттық дәстүрімізге қарсы тұратын ұрпақ тәрбиеленіп шығады.
«Бабалар ұстанған ақида», С.Оқанұлы, исламтанушы

Комментарии закрыты.