88ffbf40-ffad-4188-8595-45156d090451

ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ

Тұлғаның көптеген әлеуметтік іс-әрекет түрлерінің ішінде ақыл-ой және соған байланысты тұлғаның дамуындағы өзін-өзі бағалау сұрақтары маңызды орын алады. Адам өзінің даралық ерекшелігін сезіну ретінде өзгелермен қатынас жүйесіндегі өз орнын табу үшін ұзақ уақыт өзгерістерден өтеді. ⠀
Өзін-өзі бағалау – бұл әркімнің өзін басқалардан ажырата алуынан көрінетін, өзінің жеке тұлға екенін білдіретін ұғым. «Мендік» қасиет адамның айналамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасып отырады.

Рухани өсу баланың алғашқы өсу дәуірінен қалыптасады, оның «Мен» деген сөзі қалыптасады. Мысалы: «Мен өлең айта аламын», «Мен сурет сала аламын», «Мен анамды жақсы көремін», «Мен айтайыншы!» т.б. Бала «Мен»-ді көп айтуға тырысады. Мысалы: • Бір жасында бала өз дене бітімін қабылдап игере бастайды.
• Үш жасында іс-әрекет субъектісі болып қалыптасып, өзін «Мен» ретінде ерекшелейді. Жақын адамдармен салыстыра отырып, өзіне деген жеке даралық және дербес субъектілік қатынас пайда болады. • Жеті жаста эмоционалды ұғыну, өзін-өзі бағалау туындайды. Ол үшін ата-ана үлгі ретінде ұғынылады. Ата-ананың біреуіне ұқсауға тырысуы кейбір мінез-құлық түрлері мен психикалық жағдайларының белгілі бағдарламасын қалыптастыру жүреді. «Мен» образында «шынай-Мен», «идеалды-Мен» деңгейлері пайда болады.
• Жасөспірімдік және бозбала мен бойжеткендік кезеңде «Мен» – тұжырымдамасы нығайып, «Мен» сипатын, образын ұғыну тереңірек сипатта болады. Өзін-өзі бағалауы қалыптасады. Өзін-өзі тану және өзіндік сана жоғары даму деңгейіне жетеді.

Комментарии закрыты.